Баршаның назарына!
Құлақтандыру жүйелерінің (аумақтық және объектілік деңгейдегі) сенімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібіне дағдыландыру мақсатында, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі -Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің нұсқауына сәйкес "Жер-2024" Республикалық командалық штабтық
оқу-жаттығулары шеңберінде құлақтандыру жүйелерін тексеру барысында 2024 жылдың 3-ші маусым күні 10 сағ. 00 мин. электр сиреналары мен СРУ 30 секунд қоса отырып, АСО-8-3М және Марс-Арсеналды орталықтандырылған құлақтандыру жүйесіне кешенді техникалық тексеру жүргізу мақсатында Жетісу облысы Қаратал ауданы Лермонтов атындағы орта мектебінде орналасқан жергілікті іске қосу электр сиреналарын бір мезгілде қосумен жүзеге асырылды, электродабылдарының ақаусыз істеп тұрғаны туралы хабарлама берілді.