26
октябрь
2023
"Логистика және көлік"
Білім алушылардың кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру мақсатында Жетісу облысы Қаратал ауданы Лермонтов атындағы орта мектебіне Алматы қаласында орналасқан "Логистика және көлік" академиясының мамандары 11 сынып оқушыларымен, ал ALT Алматы колледжінің мамандары 9 сынып оқушыларымен таныстыру-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.