---
Мәдениет күні
Халықты рухани байлыққа кенелтіп, өнерлерімен сусындатқан мәдениет қызметкерлерінің еңбегі абыройлы да қадірлі. Ауданымыздың барлық ауылдық округтері мен елдімекендері Мәдениет күніне орай мерекелік іс-шараға қатысқан болатын. Жетісу облысы Қаратал ауданы Лермонтов атындағы орта мектебі қазақтың дарынды композиторы, ұлттық кәсіби музыка негізін қалаған дирижёр-педагогы, қоғам қайраткері Мұқан Төлебаевтың көрмесін ұйымдастыруға ат салысты.