Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы –
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 5-қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталуда. Осы мереке қарсаңында Жетісу облысы Қаратал ауданы Лермонтов атындағы орта мектебінде 7-11 сынып оқушылары арасында "Мағжан Жұмабаев - заманның заңғар тұлғасы" тақырыбында жалпы қазақстандық ашық диктант өткізілді.