Материалы за 29.01.2026 » М. Ю. Лермонтов атындағы орта мектеп
«Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Лермонтов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72834) 2-98-60
E-mail:
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Заң мен тәртіп"
29
январь
2026
"Заң мен тәртіп"
Оқушылардың гаджеттерге тәуелділігін азайту және оларды шынайы өмірдегі қарым-қатынас пен белсенділікке баулу мақсатында және "Заң мен тәртіп" айлығы аясында Жетісу облысы Қаратал ауданы Лермонтов атындағы орта мектебінде әлеуметтік педагог Ә.Т.Сыдыкова мен педагог-ұйымдастырушы А.К.Сулейменова мектеп оқушыларымен "МЕН OFFLINE" акциясын ұйымдастырды.
#Мұқағали95жыл атты челлендж
29
январь
2026
#Мұқағали95жыл атты челлендж
Әр қазақтың жүрегінде ақын жырының қайта жаңғыруын насихаттау, Мұқағалидың отты жырларын, махаббат пен отансүйгіштікке толы өлеңдерін кеңінен тарату мақсатында және Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай Жетісу облысы Қаратал ауданы Лермонтов атындағы орта мектебінде #Мұқағали95жыл атты челлендж ұйымдастырылуда. Қатысушылар: 6А сынып оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дузбаева Гүлжан Серіктаевна.